Астанада 125 елден ұсынылған 8 мыңнан астам AI фильм бағаланады

279

Бұл туралы Вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді.  

Астанада 125 елден ұсынылған 8 мыңнан астам AI фильм бағаланады Фото: Видеодан скриншот

Астанада басталған Astana AI Film Festival фестиваліне 125 елден жасанды интеллект көмегімен түсірілген 8 мыңнан астам фильм ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Халықаралық AI& Digital Bridge 2026 форумы аясында Astana AI Film Festival шарасы басталды. Бұл мемлекеттің қолдауынсыз жеке бастамамен жүзеге асырылған әлемдегі ең ауқымды іс-шара. Фестивальге 125 елден жасанды интеллекті арқылы түсірілген 8 мыңнан астам фильм ұсынылған. Келіп түскен жұмыстарды Одрэ Азуле бастаған халықаралық жюри бағалайды, – делінген жазбада.

Вице-президенттің сөзінше, Одрэ Азуле – ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның Мәдениет министрі болған. 

– Ол халықаралық ұйымға басшылық еткен жылдары цифрлық шешімдер мен жасанды интеллекті мәселелерін алғашқылардың бірі болып көтерді. Бүгін Азуле ханыммен кездесіп, түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмастық, – деп жазды Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу