Астанада 15 тамыз – Спорт күніне орай "ALMATY RUN" жаппай жүгіру жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өтетіні елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылды.
Жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен тұрақты айналысуға тарту.
Жарыс Триатлон саябағында өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты бағындырады. Жүгіру сағат 08:00-де басталады.
Қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектеледі. Лимитке жеткен соң тіркеу автоматты түрде тоқтатылады.
15 тамыз күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін тіркелген қатысушыларға жарыс басталатын жерде лотерея билеттері таратылады.
Жарыс алдында танымал спортшының қатысуымен жалпы дене қыздыру жаттығуы өтеді. Ал спорттық бағдарлама аяқталған соң қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.
Іс-шараны Астана әкімдігі, елорданың Алматы ауданының әкімдігі және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдайды.