Астанада 8 тамызда жаппай велошеру өтеді

161

Шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.  

Астанада 8 тамызда жаппай велошеру өтеді Фото: sportpress.kz

Астанада Спорт күніне орай 8 тамызда жаппай велошеру ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өткізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Велошеруге қатысу үшін онлайн тіркеу 5 тамыз күні сағат 09:00-де басталады. Өтінімдер reg.elordasport.kz сайтында 700 адамдық лимит толғанға дейін қабылданады.

Велошеру 8 тамыз күні сағат 09:00-де "Астана орманы" жасыл белдеуі аумағында басталады. Қатысушылар Қосшы – Үркер бағыты бойынша 21 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Тіркелген қатысушыларға лотерея билеттері іс-шара өтетін жерде сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін таратылады.

Шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Велошеру Астана қаласы әкімдігінің, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу