2026 жылдың 13–14 маусым аралығында Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл жарыстар аталған спорт түріндегі ең беделді халықаралық сайыстардың қатарына жатады.
Азия чемпионаты екі жылда бір рет өткізілетін құрлықтық біріншілік болып табылады. Турнирдің тарихында алғаш рет оның Қазақстанда өтуі елдегі эстетикалық топтық гимнастиканың қарқынды дамуын және қазақстандық мектептің халықаралық деңгейде мойындала бастағанын көрсетеді.
Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (IFAGG), Астана қаласының әкімдігі және Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы ұйымдастырды.
Бәсеке Ұлттық теннис орталығының "BEELINE ARENA" кешенінде өтті.
Турнирге Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Эстония және Жапониядан келген 38 үздік команда қатысты.
Жарыс барысында "сеньорлар" және "жасөспірімдер" санаттары бойынша 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Әлем кубогында сеньорлар арасында EXPRESSIA (Ресей) командасы жеңіске жетіп, MINETIT (Финляндия) екінші, MADONNA (Ресей) үшінші орын алды. Жасөспірімдер санатында MADONNA JUNIOR (Ресей) бірінші орынға ие болса, MINETIT JUNIOR (Финляндия) күміс, NEBESA (Ресей) қола жүлде еншіледі.
Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Ұзақ бағдарламада сеньорлар арасында бірінші орынға ALAN және екінші орынға LIEL командалары ие болса, жүлделі үшінші орынға ELEGANCE NATIONAL TEAM командасы (Қырғызстан) жетті. Ал жасөспірімдер арасында бірінші орынға SAMRUK, екінші орынға KERBEZ Қазақстандық топтар шықты. Үшінші орын TEAM JAPAN JUNIOR командасына (Жапония) бұйырды. Микс бағдарламасында бірінші орынды AMUAZH MIX командасы (Ресей) алды. Қазақстандық командалар LIBERTAD (сеньорлар) екінші орынға жайғасты. Жасөспірімдер санаты бойынша бірінші орынды MALAYSIA JUNIOR MIXED TEAM командасы (Малайзия) иеленді. Екінші орынға KERBEZ MIX, және үшінші орынға AERIA қол жеткізді.