Астанада алғаш рет кураш күресінен әлем чемпионаты өтеді

249

Байрақты бәсекеге 50-ден астам елдің балуандары қатысады.

Астанада алғаш рет кураш күресінен әлем чемпионаты өтеді Фото: TeamQazaqstan

7-8 қараша күндері Астанада ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Әлемдік додаға 50-ден астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасы чемпионатта 16 балуанмен сынға түседі.

Ұлттық құраманың құрамы 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионаттарының қорытындысы бойынша жасақталған. Команданың бас бапкері – Ғұмар Қырғызбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу