Астанада алғаш рет жүзуден World Aquatics Әлем Кубогының кезеңі өтеді

71

Қазақстан тарихта алғаш рет осындай деңгейдегі халықаралық жарысты өткізу құқығына ие болып отыр.

Астанада алғаш рет жүзуден World Aquatics Әлем Кубогының кезеңі өтеді Фото: t.me/sport_comiteti

15-17 қазан аралығында Астана қаласында жүзуден World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогының кезеңі өткізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған жарыс Баку, Ташкент және Астана қалаларын біріктіретін Silk Road халықаралық сериясының қорытынды кезеңі болмақ.

Әлем кубогы World Aquatics ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген және 25 метрлік бассейнде өткізіледі. Халықаралық турнирге әлемнің 40-жуық елден 300-астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар.

Бүгінгі таңда шетелден 226 қатысушы тіркелген. АҚШ, Қытай, Канада, Аустралия, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Нидерланд және өзге де мемлекеттердің өкілдері өзара бақ сынайды.

Жарыс бағдарламасына еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзуден 50, 100 және 200 метрлік қашықтықтар енгізілген. Сонымен қатар спортшылар 100 және 200 метрге кешенді жүзу мен эстафеталық сайыстарда бақ сынайды.

Әлем кубогының салтанатты ашылу рәсімі 15 қазан күні сағат 17:30-да "Барыс Аренада" өтеді.

16 қазанда спортшылар таңғы және кешкі сессияларда сынға түссе, 17 қазанда шешуші бәсекелер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

Әлем кубогы кезеңінің Қазақстанда өтуі еліміздегі жүзу спортының дамуына тың серпін береді. Бұл жарыс отандық спортшыларға әлемнің үздік жүзушілерімен бір додада бақ сынауға, ал жанкүйерлерге халықаралық деңгейдегі тартысты бәсекелерді тамашалауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу