Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді

590

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді. 

Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді Фото: Sport Pluse

Астанада жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді. "Beeline Arena" спорт кешенінде өтетін құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады. Финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен. 2013 жылы Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікті қабылдады. Ал 2016 жылы "Сары құрлық" чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар, былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу