Астанада дәстүрлі садақ атудан "Чемпиондар лигасы" турнирі өтті

111

Спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алды.  

Астанада дәстүрлі садақ атудан "Чемпиондар лигасы" турнирі өтті Фото: prosports.kz

Астана қаласында дәстүрлі садақ атудан "Чемпиондар лигасы" республикалық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш күнге созылған жарыс барысында ұлттық құрама мүшелері жамбы және пута нысаналары бойынша өзара бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алады. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы қарастырылған.

Жарыстың ресми бөлігінде "Sadaq aty" федерациясының президенті Нартай Сәрсенғалиев алдағы Көшпенділер ойындарына баратын спортшылар анықталғанын және ұлттық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Жарыс нәтижелері бойынша "жамбы" нысанасында ерлер арасында Жәнібек Кулмирзаев жеңімпаз атанса, әйелдер арасында Сабира Жаппар үздік шықты. Ал "пута" нысанасында ерлерден Әли Сейсегюзел, әйелдерден Айкөркем Батихан бірінші орын иеленді.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы тамыз айының соңында Қырғызстанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу