Астанада ДДҰ қолдауымен балалар әл-ауқатын арттыруға бағытталған үндеу қабылданды

133

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. 

Астанада ДДҰ қолдауымен балалар әл-ауқатын арттыруға бағытталған үндеу қабылданды Фото: ДСМ

Бүгін Астанада "Әрбір баланың денсаулығы мен әл-ауқаты: балалар денсаулығын сақтаудың заманауи стратегиялары" атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус, ДДҰ-ның Еуропа өңірлік директоры Ханс Клюге, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директорының міндетін атқарушы Октавиан Бивол қатысты.

Форумның жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Орталық Азия елдерінің бейінді ведомстволарының басшылары қатысты.

Форумның алаңында 2026–2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай тұжырымдамасының маңыздылығы атап өтілді. Бұл құжат балалардың денсаулығы, қауіпсіздігі, білім алуы және әл-ауқаты мәселелерінде мемлекеттік күш-жігерді біріктіруге бағытталған.

– Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ана мен бала денсаулығын сақтау саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Ана өлімі 6 есеге, нәресте өлімі 7,5 есеге төмендеді. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша оң серпін көрсетуде: жалпы индекс 71,5-ті құрайды, ал ана мен бала денсаулығы көрсеткіштері бойынша ел өңір көшбасшыларының қатарына кіреді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу