Астанада 2025 жылғы 21 қыркүйекте Atameken Media League атты алғашқы киберспорттық турнир өтеді.
Бұл жарыс БАҚ қызметкерлеріне, медиа-компаниялар мен жарнама агенттіктеріне арналған. Турнирді Atameken Business медиахолдингі ұйымдастырады, деп хабарлайды insports.kz сайты.
Бәсекеге негіз болған Dota 2 ойыны ТМД аумағындағы ең танымал кибердисциплиналардың бірі. Жанкүйерлері көп, инфрақұрылымы да жақсы дамыған.
Оның үстіне, медиа саласында жұмыс істейтіндердің арасында тәжірибелі геймерлер аз емес. Ал кәсіби ойыншыларсыз өтетін формат турнирді барша қатысушыға тең мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.
"Мақсатымыз – тек киберспорттық жарыс ұйымдастыру емес, сонымен қатар медиа мен жарнама нарығын жаңа алаңда біріктіру. Мұнда да командалық рух пен қарым-қатынас маңызды", – дейді Atameken Business компаниясының бас маркетологы, турнир ұйымдастырушысы Рустам Раимқұлов.
Турнир The Hood киберклубында өтеді. Қатысуға тек кәсіби емес ойыншылар, яғни салалық компания қызметкерлері жіберіледі. Барлығы 32 командаға дейін тіркелмек. Әр команда 5 негізгі ойыншыдан және 1 қосалқы ойыншыдан тұрады.
Жүлде қоры:
- 1-орын – 500 000 ₸
- 2-орын – 250 000 ₸
- 3-орын – 150 000 ₸
- 4-орын – 100 000 ₸
Қаржылай сыйақылардан бөлек, қатысушылар арнайы номинациялар үшін бақ сынап, серіктестердің сыйлықтарын иелене алады. Сондай-ақ, бейресми фуршет пен нетворкинг ұйымдастырылады.
Қатысу шарттары:
- Қатысу тек БАҚ, медиа және жарнама агенттіктерінің қызметкерлеріне рұқсат етіледі
- NON PRO-формат: кәсіби ойыншыларға қатысуға тыйым салынады
- Жарыс кезеңдері: топтық раунд (Round Robin), кейін double elimination плей-офф
- Финал тікелей эфирде Atameken Business YouTube арнасында көрсетіледі
- Әлеуметтік желілерде бейне-шолулар жарияланады
- Тіркеу жарнасы – команда үшін 50 000 ₸ (қатысу расталған соң төленеді)
- Максималды команда саны – 32
Өтетін күні: 21 қыркүйек 2025 жыл
Өтетін орны: The Hood киберклубы, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 2
Команданы тіркеу формасы: осында
Турнир регламенті мен толық ережелері: осында
Толығырақ ақпарат: v.tkach@inbusiness.kz