Астанада "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорт турнирі аясында Phygital Sports Summit Astana 2026 халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Саммиттің ашылуында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың әлемдік спорт индустриясындағы маңызы мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөліне тоқталды.
Халықаралық жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысып жатыр.
Сонымен қатар саммитке технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары жиналды.
Іс-шара барысында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу, сондай-ақ спорт индустриясының болашағы талқыланады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, саммит тәжірибе алмасып, фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.