Астанада Кенесары ханның ескерткіші жөнделіп, қайта өз орнына қойылды

1017

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астанада Кенесары ханның ескерткіші жөнделіп, қайта өз орнына қойылды Фото: shoes-web.ru

Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

"Өткен жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Кенесары ханның ескерткіші алынып тасталған кезде, әлеуметтік желіде біраз әңгіме болды. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, расталмаған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Енді қазір бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылды. Бүгін, міне, жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды", – деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу