Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада "Азия Көкпар Лигасы" командалық көкпардан қызықты лига өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол 21 шілдеде сағат 16.00-де "Тұлпар" ат спорты клубында өтеді. Оған ең үздік спортшылар мен медиа тұлғалар қатысады.
Көрермендер асық атудан чемпионатта да өз дағдыларын көрсете алады. Сондай-ақ барлық қатысушылар мен қонақтар үшін бүркіт, сұңқар және қазақтың ит тұқымы – тазы бар фотозона ұйымдастырылады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        