Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді

205

Әлем кубогі кезеңдеріне іріктеу өтеді.  

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді Фото: olympic.kz

13-15 қазан аралығында Астанада конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс алдағы ISU әлем кубогі кезеңдерінде Қазақстан атынан өнер көрсететін ересектер мен жасөспірімдер құрамаларын жасақтау үшін іріктеу кезеңі болады.

Байрақты бәсекеге 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева сияқты елдің үздік конькишілері қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да жарыс жолына шығады. Ол жаңа маусымда ересектер санатына ауысты.

Қазақстан чемпионаты "Алау" мұз сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу