Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

144

Елорда жеті жылдан кейін күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды.  

Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді Фото: uww.com

Күрес түрлерінен жаһандық дода 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena мұз сарайында ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.

Әлем чемпионатының басты ерекшеліктерінің бірі – 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өткізілуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуандары қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу