Астанада оқушылар арасында тоғызқұмалақтан "KELESHEK CUP" турнирі өтті

179

Турнирге "Келешек мектептерінің" оқушылары қатысты.

Астанада оқушылар арасында тоғызқұмалақтан "KELESHEK CUP" турнирі өтті Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Республика күніне орай Астанада "Келешек мектептері" оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық "KELESHEK CUP" турнирі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

№106 мектепте ұйымдастырылған жарысқа оқушылар қатысып, ұлттық ойыннан өзара бақ сынады. Турнирдің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында №101 мектеп оқушысы Қуаныш Аян бірінші орын алды. №114 мектептен Бұхар Бексұлтан екінші, №115 мектептен Сайпулла Бүркіт үшінші орынға ие болды.

Қыздар арасында №100 мектеп оқушысы Тәңірбергенова Айнел жеңімпаз атанды. №110 мектептен Сұлтанқызы Дилназ екінші, №112 мектептен Жетпис Ляззат үшінші орын алды.

Турнирді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу