Тиісті ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Н.Жақыповты, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Е.Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, 48 жастағы Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазынаны" 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап басқарады. Ал 39 жастағы Елжас Отыншиевтің "ҚТЖ" басқарма төрағасы лауазымына кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Басшылыққа осы жылдың шілдесінде ғана келген.