Астана қаласында ересектер арасындағы шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ел чемпионатында Әділ Ғалиахметов пен Алина Ажғалиева шорт-тректен тағы да жүлдеге қол жеткізді.
"Алау" мұзайдыны сарайындағы бәсеке барысында Қазақстан командасының бапкерлер штабы 2026-2027 жылғы маусымда халықаралық турнирлерге қатысатын Ұлттық құраманы жасақтайды.
Еліміздің таңдаулы спортшылары кезекті жүлдені сарапқа салды.
Ерлер, 1000 метр:
- Әділ Ғалиахметов – Астана қаласы
- Айбек Темірхан – Шымкент қаласы
- Максим Саенко – Солтүстік Қазақстан облысы
Әйелдер, 1000 метр:
- Алина Ажғалиева – Батыс Қазақстан облысы
- Зейнеп Құмарқан – Шығыс Қазақстан облысы
- Гүлдана Жалмұқан – Батыс Қазақстан облысы
Аралас эстафета, 2000 метр:
- Қостанай облысы
- Алматы қаласы
- Астана қаласы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу