Астанада үстел теннисінен ірі халықаралық турнирлер өтеді

184

Елімізде үстел теннисі бойынша ірі жарыстар ұйымдастырылады.  

Астанада үстел теннисінен ірі халықаралық турнирлер өтеді Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігі telegram

Еліміз әлемдік спорт аренасындағы орнын нығайтып келеді. 2026 және 2027 жылдары Астана үстел теннисінен бірқатар ірі халықаралық турнирлерді қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі жарыстардың бірі – 2026 жылы өтетін Star Contender сериясындағы халықаралық турнир. Бұл дода Қазақстанда алғаш рет өткен President’s Cup жобасының жалғасы болып саналады.

Сонымен қатар елордада үстел теннисінен әлем чемпионаты мен Champions сериясындағы турнир ұйымдастырылмақ. Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Халықаралық үстел теннисі федерациясының президенті Petra Sörling Қазақстанның халықаралық жарыстарды өткізуге дайындығын жоғары бағалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, елде үстел теннисі қарқынды дамып келеді, ал мұндай ірі турнирлер спорт инфрақұрылымын дамытуға және жас спортшыларды даярлауға серпін береді.

Айта кетейік, жарыстарды Nomad Table Tennis Academy ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу