Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

264

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Фото: Ақорда

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу