Астаналық сегіз жасар Медина Есенбек Қытайдың Хуэйчжоу қаласында өткен көркем гимнастикадан Zhong Ling Cup халықаралық турнирінде үш медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарысқа Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия және басқа да елдердің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 9 гимнаст өнер көрсетсе, оның төртеуіастаналық гимнаст.
"Әлем Академиясының" тәрбиеленушісі Медина Есенбек шығыршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Ал құралсыз жаттығу мен көпсайыста күміс жүлдеге ие болды.
Жас гимнаст жарыста қазақы нақышты да танытты. Ол ұлттық ою-өрнекпен безендірілген костюм киіп, композициясын қазақ музыкасының сүйемелдеуімен орындады.
Осылайша, Медина халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның көк туын шетелдік жарыста биікке көтерді.