Астаналық ағайынды шахматшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

202

Олар  үш алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.  

Астаналық ағайынды шахматшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды Фото: Astana news

Астаналық ағайынды Алдияр және Әлімжан Жауынбай Сингапурда өткен 24th ASEAN+ Age-Group Chess Championships 2026 халықаралық чемпионатында төрт медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның үшеуі – алтын, біреуі – күміс.

FIDE шебері Алдияр Жауынбай 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында рапид және блиц сайыстарында бақ сынады. Ол рапидте 5,5, блицте 7 ұпай жинап, екі дисциплинада да алтын медаль жеңіп алды. Классикалық шахматта төртінші орынға тұрақтады.

Ал оның інісі, FIDE шебері Әлімжан Жауынбай 12 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетті. Ол блицте 8 ұпай жинап, алтын медальға ие болса, классикалық шахматта күміс жүлдені еншіледі.

Осылайша, ағайынды шахматшылар Сингапурдағы жарыста Қазақстан қоржынына төрт медаль салды.

Айта кетейік, Алдияр Жауынбай 11 жасында Қазақстан тарихындағы ең жас FIDE шебері атанған. Ағайынды спортшылар KazChess дарынды жастарды қолдау бағдарламасына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу