Астаналық балуан Бағдат Сабаз елордада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан қола медаль үшін өткен белдесуде Әзербайжан өкілі Хасрат Джафаровты 7:5 есебімен жеңді.
Бұған дейін Бағдат Сабаз ширек финалда Иран балуаны Саид Эсмаилиден жеңіліп қалған еді. Алайда қарсыласы финалға шыққандықтан, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Онда ол Қытай балуаны Цзинь Синьсиньді 8:5 есебімен ұтып, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу