Астанада өткен конкурдан FEI Jumping World Cup™ Eurasian League Final халықаралық турнирінде елордалық шабандоздар 9 медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның екеуі – алтын, үшеуі – күміс, төртеуі – қола.
Елордадағы "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде өткен жарысқа Қазақстан, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 22 шабандоз бен 31 сәйгүлік қатысты.
Астана спортшылары арасында Раиса Соколенко бір алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
- 1-орын – №5 жарыс, 140 см;
- 3-орын – №2 жарыс, 145 см.
Ал Олег Соколенконың қоржынында бір алтын, екі күміс және үш қола жүлде бар.
- 1-орын – №6 жарыс, 130 см;
- 2-орын – №3 жарыс, 130 см;
- 2-орын – №8 жарыс, 155 см;
- 3-орын – №3 жарыс, 130 см;
- 3-орын – №4 жарыс, 145 см;
- 3-орын – №7 жарыс, 135 см.
Аян Ғани бір күміс медаль иеленді.
- 2-орын – №7 жарыс, Asian equestrian federation/ Mantena cup, 135 см.
Турнирдің басты бәсекесі – биіктігі 155 сантиметр болатын Argymak Maxima Master Eurasia Cup финалында Олег Соколенко Cinderella атты сәйгүлігімен екінші орын алды.
Айта кетейік, Раиса мен Олег Соколенко – ерлі-зайыпты спортшылар. Олар елордалық шабандоздар жеңіп алған тоғыз медальдің сегізін иеленді.
Жарыстың салтанатты марапаттау рәсіміне Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) президенті Ингмар Де Вос қатысып, турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне және Қазақстандағы ат спортының даму әлеуетіне жоғары баға берді.
Халықаралық турнирдің жалпы жүлде қоры 12,5 мың АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар жарыс аясында Швецияда өтетін Әлем кубогының Үлкен финалына үш жолдама сарапқа салынды.