Астаналықтарға жақсы мүмкіндік: 5 пайыздық ипотекамен 562 пәтер беріледі

273

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлады.

Астаналықтарға жақсы мүмкіндік: 5 пайыздық ипотекамен 562 пәтер беріледі Фото: gov.kz

Астанада 7 қазан күні тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында несиеге берілетін тұрғын үй бойынша өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың коды – 10336, 10338, 10339 және 10340.

Өтініштер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.

Жалпы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:

1 бөлмелі – 166 пәтер;
 2 бөлмелі – 276 пәтер;
3 бөлмелі – 80 пәтер;
4 бөлмелі – 40 пәтер.

Тұрғын үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны – 332 916 теңге.

Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна мөлшері 10%-дан басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу