Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін хабарлады. Енді дода "Алматы Арена" кешенінде 9-14 ақпан аралығында өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған болатын. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.
2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдені иеленді.