Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде өнер көрсетеді

130

Асудың кезекті қарсыласы – америкалық UFC шебері Алекс Перес.

Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде өнер көрсетеді Фото: sports.kz

Асу мен Перес 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде кездеседі. Бұл – Қатардағы алғашқы UFC турнирі болмақ.

Жақында Перес Алмабаевқа үндеу тастаған еді. 33 жастағы америкалық 2017 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Қазіргі көрсеткіші – 7 жеңіс, 5 жеңіліс. 2020 жылдың қарашасында Алекс 3 жеңістен кейін чемпиондық белбеу үшін айқасқа шыққанымен, 1-раундта Дейвесон Фигередодан жеңіліп қалған.

Одан кейінгі екі жекпе-жегінде Перестің қарсыластары чемпиондар – Алешандре Пантожа мен Мұхаммад Мокаев болды. Ол екеуінде де жеңіліс тапты.

Перестің үлкен кемшілігі – UFC-де 13 жекпе-жегі әртүрлі себеппен өтпей қалған. Оның алтауына тікелей өзі кінәлі. Қазіргі таңда UFC рейтингінде америкалық 8-орында, ал Асу – 9-орында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26 ​​шілдесінде өткен соңғы жекпе-жегінде Асу перулік Хосе Очоаны (8-2) тізе бүктірген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу