Асу Алмабаев UFC-де екінші мәрте жеңіске жетті

931

АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асу Алмабаев UFC-де екінші мәрте жеңіске жетті Фото: @asu_zulfikar57

Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты. Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды 30:27.

Бұл – 30 жастағы Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі.

Мұның алдындағы өткен жылғы дебютінде де қарсыласы америкалық Оди Осборннан басым түскен болатын.

ММА-дегі статистикасы – 19-2.

Оның жеңістер сериясы қазір – 15 жекпе-жек.

32 жастағы Си Джей Вергара осы айқасқа дейін UFC-де екі рет жеңіс тұғырынан көрінген.

Оның жаңа статистикасы: ММА-да 12-5-1 және UFC-де 3-3.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу