Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

616

Мерзімінен бұрын жеңіске жеткені үшін Асу сыйақыдан бөлек 50 000 АҚШ доллар бонус алады.

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) UFC турнирі аясында Қазақстан өкілі Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті. Жекпе-жек екі раундқа созылып, Алмабаев қылқындыру әдісімен қарсыласын қапы қалдырды.

Турнирден кейін Асу жеңісіне қатысты пікір білдірді.

"Ей, UFC, мен жаңа жұлдызбын, мен бұл дивизионның жаңа жұлдызымын - Зульфикар! Алға, Қазақстан! 2025 жылы чемпион боламын дедің бе? Айтсам, солай болады. Отбасыма, достарыма сәлем!" - деді Алмабаев.

Сонымен қатар Оди Осборн Нэшвиллдегі UFC турнирінде Қазақстан өкілі Асу Алмабаевтан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады.

"Дайындық кезінде қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Жекпе-жек менің пайдама болмады. Ешқандай сылтау айтқым келмейді. Тек Асудың бүгін жақсырақ болғанын мойындаймын. Ол октагонға шығып, қажет нәрсенің бәрін жасады. Мен Нашвиллде жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Бұл миллионның біріне ғана берілетін мүмкіндік. Әрине, бұл нәтижеге көңілім түсті. Бірақ жекпе-жек осы. Кейде жеңесің, кейде жеңілесің. Бүгін мені қолдағандардың барлығына алғыс айтамын. Келесі кездескенше!", - деді Осборн.

Алмабаев үшін бұл жекпе-жек UFC-дегі дебют болды және бүгінге дейін он төрт жекпе-жек өткізген ММА-дағы жеңісті сериясын ұзартуға мүмкіндік берді. Қазақстандық спортшы соңғы рет 2017 жылы жеңілген.

UFC Twitter-дегі ресми аккаунтында Нашвилл турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен барлық спортшылар негізгі сыйақыдан бөлек $50 000 бонус алатынын, олардың арасында Алмабаевтың да бар екенін хабарлады. Қазақстандықтан басқа Татьяна Суарес, Дастин Якоби, Диего Лопес және Карлстон Харрис тамаша нәтиже көрсеткендері үшін UFC-ден бонус алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу