Қазақстан құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ ату спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында кезекті жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Асылым Жақия 25 метр қашықтықтан стандартты шағын калибрлі тапаншамен оқ атудан 554 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.
Екінші орынды 552 ұпаймен Үндістан өкілі Шауля Дилип Бхарне иеленсе, қола жүлде тағы бір үндістандық спортшы Рия Дуггалға бұйырды.
Айта кетейік, бұл медаль Қазақстан құрамасының аталған әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі болды. Бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы "трап" дисциплинасында алтын алса, Ринат Казаченко күміс медаль иеленген еді.