Асылжан Арыстанбекова Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

122

Турнир 23 ақпан - 1 наурыз аралығында Испанияның Монакор қаласында өтуде. 

Асылжан Арыстанбекова Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова қытайлық әріптесі Мин Люмен бірге Испанияның Манакор қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты. 

Қазақстан-қытай дуэты 1/8 финалда испаниялық Анна мен Мар Кабассерс Морросты 6:4, 6:1 есебімен, ал ширек финалда Түркиялық Зелиха Чукуруоглу мен Канадалық Милагрос Хелена Пастушканы да екі сетте 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда 19 жастағы қазақстандық және 33 жастағы қытайлық тенниші Мерел Хедт (Нидерланды) - Валентина Ариас (Колумбия) жұбымен кездеседі. 

Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды. Турнирге 32 теннисші қатысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу