Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

152

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу