Ян Зоммер Чемпиондар лигасының 4-туры аясында "Қайратқа" қарсы өткен матчта киген қақпашы қолғабын Шымкенттен арнайы матчқа келген жас жанкүйерге сыйлады. Ол футболмен айналысады және қақпашы позициясында ойнайды.
""Интер" клубының қақпашысы Ян Зоммер "Қайратқа" қарсы ойнаған қолғабын менің ұлыма сыйлады. Чемпиондар лигасындағы матч, аңызға айналған San Siro стадионы – шын мәнінде ғажайып сәт. Ұлымның өзі де футболмен айналысады және қақпашы позициясында ойнайды. Ал, біз Шымкенттенбіз. "Қайраттың" Чемпиондар лигасына шығуы біздің осы сапарға баруымызға себепкер болды", - дейді жас футболшының әкесі.
Айта кетейік, Ян Зоммер - Швейцария құрамасының және миландық "Интер" клубының негізгі қақпашысы. Тамаша реакциясымен және ойын оқу қабілетімен танымал. Швейцария құрамасында бірнеше Еуропа және Әлем чемпионаттарына қатысқан.
2023 жылдан бері Зоммер "Интер" сапында ойнап келеді. Бұған дейін "Базель", "Боруссия Мёнхенгладбах" және "Бавария" клубтарында ойнаған.