"Атамекен" ҰҚП-ның төралқа төрағасы сайланды

2620

Жаңа төралқа төрағасы палатада реформа жасауға уәде берді. 

"Атамекен" ҰҚП-ның төралқа төрағасы сайланды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы болып Райымбек Баталов сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Атамекен" ҰҚП-ның төралқа төрағасы лауазымына Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов сайланды.

"Маған сенім артқандарыңыз үшін рақмет. Төралқа төрағасы болып, барлығымыз бірігіп, палатаға реформа жасаймыз деген сенімдемін... Мен барлығымыз бірге жаңа палатада жұмыс істеймін деген үміттемін", – деді Райымбек Баталов.

Айта кетейік, бүгін елордада "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының IX кезектен тыс съезі жұмысын бастады. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу