Аты аңызға айналған 57 жастағы Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

3002

Ол 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аты аңызға айналған 57 жастағы Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады Фото: sportx.kz

Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол.

Жекпе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек Netflix платформасында көрсетіледі.

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы 50-6 рекордтық көрсеткішпен аяқтағаны белгілі.

WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу