Аты аңызға айналған "Челси" Дастан Сәтпаевтың алғашқы жаттығуынан фото жариялады

Клубтың ресми сайтына жүктелген фотосуреттерде қазақстандық футболшы да төбе көрсеткен.     

Аты аңызға айналған "Челси" Дастан Сәтпаевтың алғашқы жаттығуынан фото жариялады Фото: offside.kz

Жаттығу жаңа бас бапкер Хаби Алонсоның жетекшілігімен өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл – испаниялық маманның жазда команданы қабылдап алғаннан кейінгі футболшылармен тұңғыш рет толыққанды жаттығу өткізуі.

– Жазғы үзілістен кейін "Челси" ойыншыларының көпшілігі алғаш рет Кобхэмдегі базаға жиналды. Сондай-ақ, бұл олардың жаңа бас бапкер Хаби Алонсомен өткізген алғашқы жаттығуы болды. Медициналық тексеруден кейін футболшылар күн райының ыстық болғанына қарамастан, жаттығуды бастап кетті, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Әзірше Дастан Сәтпаевтың "Челсидің" шілдедегі Австралияда өтетін маусым алдындағы турнесіне қатысатыны не қатыспайтыны белгісіз.

Лондондық клуб алғашқы жолдастық кездесуін 28 шілдеде австралиялық "Уэстерн Сидней" командасына қарсы өткізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу