"Атырау" футбол клубы шетелдік ойыншылар алдындағы қарызын әлі өтеген жоқ. Клуб легионерлерге ағымдағы жылдың қазан айынан бері жалақы төлемей келеді.
Сондай-ақ, футболшылар Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) орнын сақтап қалғаны үшін қарастырылған бір айлық жалақы көлеміндегі сыйақыны да алмаған.
Африкалық легионерлердің бірі былай дейді.
"Шыдамның да шегі бар. Біз клуб басшылығының уәделеріне сеніп, төлемді кейінге қалдыруға келістік. Алайда олардың жалған екенін түсіндік. Енді жеткілікті. Әрқайсымыз команда чемпионатта қалуы үшін бар күшімізді салдық. Ал кейбір ойыншылар тіпті сыйақыдан бас тартты. Қазір қазақстандық футболшылар жалақысын толық алып отыр. Ал біз өз еңбекақымызды талап етуге мәжбүрміз. Бұл – әділетсіздік. Келесі маусымда бапкерге біреуіңіз қажет болып қалуыңыз мүмкін. Бірақ сол кезде жалақыңызды алатыныңызға қандай кепіл бар? Мен ұзақ уақыт бойы сенім білдіріп келдім. Алайда бұл жалған болып шықты. Бізді пайдаланды. Сондықтан енді ақшамды заңды жолмен талап етемін", – деді футболшы.
Қазіргі таңда бұл іс Халықаралық футбол федерациясында (ФИФА) қаралады деп күтілуде.
Айта кетейік, клуб жергілікті ойыншылармен толық есеп айырысқан. Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Атырау" 13-нәтиже көрсетіп, орнын сақтап қалды. Команда 26 матчта 22 гол соғып, 45 гол жіберіп алды.