Атырау футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

833

Футбол клубының жаңа иесі – Болат Қонарбай.  

Атырау футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті Фото: kff.kz

"Атырау" футбол клубы толықтай жекеменшік басқаруға өтті. Енді клубтың 100 пайыз үлесі "Caspian Football Group" ЖШС-не тиесілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұндай мәліметті Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы жариялады. Бұл өзгеріс Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асты.

Жаңа басшылық өңірлік футболды дамытуға бағытталған бірқатар бастаманы жариялады.

Оның ішінде балаларға арналған футбол академиясын салу, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атыраудағы футболдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар.

Сондай-ақ клубқа қосымша инвестиция тарту арқылы материалдық-техникалық базаны күшейту және кәсіби футболды жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Айта кетейік, сәуір айында өңір клубы 77 млн теңгеге сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу