"Атырау" футбол клубы жекешелендіру аясында сатылымға қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Клубтың 100% үлесінің бастапқы бағасы – 175,6 млн теңге, ал нарықтық құны 250,8 млн теңге деп бағаланған.
Жаңа иесі клубты сатып алумен қатар, 27 тармақтан тұратын міндеттемелерді орындауға тиіс.
Негізгі талаптар:
- Футбол академиясын салу – инвестор кемінде 1 млрд теңгеге заманауи академия тұрғызуы қажет.
- Инфрақұрылымды сақтау – 8 660 орындық "Мұнайшы" стадионын күтіп ұстау.
- Әлеуметтік міндеттемелер – 3 жыл ішінде кемінде 1000 баланы тегін оқытып, жергілікті ойыншыларды негізгі құрамға тарту.
- Қаржылық ашықтық – жыл сайын аудиттен өтіп, мемлекеттік органдарға есеп беру.
- Брендті сақтау – клубтың атауы, түстері мен эмблемасын өзгертуге тыйым салынады.
Бұл шара клубты тек коммерциялық жоба емес, өңірлік футболды дамыту орталығы ретінде сақтауға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу