Атырау қаласында Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені бой көтермек

Мұндай сүйінші хабарды өңірдегі күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тоғаев мәлім етті. 

Атырау қаласында Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені бой көтермек Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Оның сөзінше, бір топ спорт жанашырының қатысуымен жобаның таныстырылымы өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені салынады. Жобаны іске асыруға Атырау облыстық күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Сатаев жауапты болады. Қазақтың батырларын әрдайым қолдап, қорғай білейік. Айдос Сұлтанғалиді спорт кешенінің іргетасын қалау рәсіміне арнайы Атырауға шақырамыз. Нысанның құрылысын толық аяқтауға бар күшімізді саламыз, – деді Арман Тоғаев.

Еске салайық, былтыр жылдың соңында Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан атындағы спорт кешені пайдалануға берілген еді. 

Қызылордалық балуан Айдос Сұлтанғали 2025 жылдың қыркүйек айында Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 60 келіде жеңімпаз атанды.

Ол – классикалық күрес тарихында 26 жылдық үзілістен соң Қазақстанға әлем чемпионатының алтын жүлдесін әкелген алғашқы балуан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу