"Атырау" мен "Ордабасы" ұпай бөлісті

1216

"Атырау" қолда тұрған үш ұпайдан айырылды.

"Атырау" мен "Ордабасы" ұпай бөлісті

"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында шымкенттік "Ордабасымен" кездесті. Ойын Атырау қаласындағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Кездесудің 61-минутында Александр Симчевич өз қақпасының маңында тәртіп бұзғандықтан, пенальти белгіленді. Ал "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы Доньет Шкодра бұл мүмкіндікті голға айналдыра алмады.

Бір ұпайды қанағат еткен қос команда турнирлік кестедегі өз позицияларын сақтап қалды. "Ордабасы" 16 ұпаймен жетінші орында, "Атырау" 15 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Сонымен қатар "Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры аясында "Шахтермен" кездесті. "Жас Қанат" стадионында өткен матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңді. Алғашқы минуттың өзінде "Каспий" шабуылшысы Давид Караев есеп ашты. 9-минутта Уаджди Сали қорғаушылардың берген керемет пасын сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Ал 30-минутта Караев тікелей айып добынан гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Сенімді түрде жеңіске жеткен алаң иелері 16 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Қарағандылық ұжым 8 ұпаймен он екінші орынға табан тіреді.

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының он екінші туры қарсаңында "Жетісуды" қабылдады. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапында Педро Эуженио ойынның небәрі 2-минутында тікелей айып добынан гол соқты. Ал 32-минутта "Жетісу" ойыншысы Артем Дмитриев бұл голға жауап қатты. Екінші таймның басталғаны сол еді, Берік Шаихов өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ 70-минутта Бауыржан Байтана алыстан тамаша соққы бағыттап, таразы басын тең қылды. Екі минуттан кейін Айбар Жақсылықов Ибрагимовичтің стилінде гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Кезекті рет жеңіліске ұшыраған жамбылдық клуб турнирлік кестеде 17 ұпаймен алтыншы орында қала берді. Көптен бері жеңіске жетіп көрмеген Ринат Алюетов шәкірттері 4 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу