Атырау мұнай өңдеу зауыты толықтай жұмысын тоқтатты

2199

Зауытта электр энергиясы сөнген. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты толықтай жұмысын тоқтатты Фото: azh.kz

Атырауда электр энергиясының сөнуіне байланысты МӨЗ қондырғылары апатты түрде тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2023 жылдың 3 шілде күнгі сағат 17:25-те (жергілікті уақыт) АО "KEGOC"  тарапынан электр энергиясының өшірілуі салдарынан зауыт жұмысын тоқтатты. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді", - делінген хабарламада.

Шамамен 18:47-де зауыттың электрмен жабдықтауы толығымен өшірілді. Осыған байланысты бастапқы қайта өңдеу қондырғысынан басқа барлық қондырғылар тоқтатылды.

Қазіргі уақытта электр энергиясы әлі берілмеген. Зауыттың техникалық бөлімінде зауыттың одан әрі жұмыс істеу себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу