"Атырау" неге бапкерге жарымады?

2538

"Атырау" командасы биыл тағы да бапкер ауыстырды.

"Атырау" неге бапкерге жарымады?

Маусым басында командаға Виктор Кумыков бас бапкер болып тағайындалып, ресейлік маман сәуір айына дейін қызмет етті. Клубтың төмен көрсеткіштеріне байланысты оның орнына Қуаныш Қабдоллов келді. Сосын белоруссиялық маман Олег Дулуб қызметке кірісті. Алайда белорус бапкерінің жаттығуымен "Атырау" соңғы 5-турда тегіс жеңілді. "Атырау" футбол клубының шешімі бойынша Олег Дулуб қызметінен босатылды.  

Енді оның орнын уақытша қайтадан Қуаныш Қобдолов алмастыратын болады. Ал жалпы алғанда бұл биылғы біріншіліктегі бесінші бапкердің қызметінен кетуі болып отыр. Айта кетуіміз керек, "Атырау" қазір турнирлік кестенің соңғы жағында келеді. Ал 6-қазан күні "Атырау" Қазақстан кубогының финалында "Қайсармен" кездеседі. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу