"Атырау" тасадағы таланттарды қайдан табады?

1289

Осы турда "Атырау" алматылық "Қайратқа" қарсы ойнайды. 

"Атырау" тасадағы таланттарды қайдан табады?

"Мақтаарал" - "Оқжетпес"
Жетісайлық команда басым түседі.

Константин Горовенко баптайтын "Мақтаарал" биыл сенсация жасауы мүмкін. Олар өткен маусымның соңында өз ойынын тапты. Ал Горовенко мырза "Атырау" бапкері болып жүрген шақта өзін көрсетіп үлгерді. Жалпы еліміздегі мықты бапкерлердің бірі болып келе жатыр. Джуниор Кабананганы алған соң бұл команданың шабуылы күшейіп кетті. Тоқтар Жаңғылышбай мен Рамазан Каримовтердің биыл жарқылдайтын жылы. Колумбиялық жартылай қорғаушы Хуан Сандовалды да көп адам мықты ойыншы деп жүр. Тек қорғаныс жағындағы футболшылар ғана күмән тудыртады. Әйтпесе "Мақта" биыл мақтаулы командаға айналатын түрі бар.

"Оқжетпес" ойдан-қырдан келгендермен жасақталды. Украина мен Ресейдің екінші сортты футболшыларымен Көкшетау қаласының командасы ұзаққа бармайтын секілді. Әлбетте, команда оны біліп отыр. Берілген қаржының аясында жасақталған командамен премьер-лигадан шығып қалмау деген мақсат қоятыны анық.
Шымкенттегі "Намыс" стадионында өтетін бұл матчта оңтүстіктің командасы жеңіске жетеді деп топшылаймыз.

"Қайрат" - "Атырау"

Екі команда шабуылдап ойнағанды ұнатады.

"Қайрат" "Пахтакормен" жолдастық матч өткізіп, 3 гол салды. Жоау Паулу қазір бабында екен. Шушеначев пен Алықұловтар да қалысар емес. Тек қорғанысы сәл нашарлау. Академия жастары мен шеттен алған легионері әзірге команда ойынына үйлесімді ене алмағанын көріп отырмыз. Түркиядағы жиындарға да бармай, дұрыс жолдастық матчтар өткізе алмады. Соның кесірі алғашқы ойындарда зиянын тиігізіп қалуы бек мүмкін.

"Атырау" трансферлік ауысым кезінде басты жаңалықты тіркеді. Тәжікстандық ойыншысы Хусрав Тоиров "Шахтер" Донецк клубына ауысты. Командаға Оралхан Өміртаев пен Нигерия шабуылшысы Нсунгуси Эффионг деген шабуылшы шақыртылды. "Атыраудың" тасада жүрген таланттарды тауып алатын әдеті осы жерде тағы да көзге түсуі мүмкін. Мысалы олар өткен маусымда Андрия Филиповичті қалай тапты? Ол сұрмерген атанып қазір "Ақтөбе" сапында жүр. Сол секілді Словениялық футболшы Якуб Новак биыл жарқырап шыға келсе ше? Еурокубоктерде 7-8 ойын өткізген 24 жастағы жартылай қорғаушы "Атырау" арқылы ТОП командаға ауысуды көздеп келді.

Жалпы ойыншылар құрамына қарап, алғашқы ойында "Қайрат" те, "Атырау" да гол салады деген ойдамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу