Атышулы "Канело" Альварес Қазақстанға келуі мүмкін

Бұл туралы жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 KO) айтып отыр.

Атышулы "Канело" Альварес Қазақстанға келуі мүмкін Фото: vesti.kz

Оның сөзінше, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (64-3-2, 39 KO) Қазақстанға келуді жоспарлап жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Боксшы өз сұхбатында "Канелоға" Қазақстан туралы жиі-жиі айтатынын еске салған. 

– Иә, мен оған Қазақстан туралы үнемі айтып жүремін. Оның өзі де сұраған. Қазақстанға келетінін айтты, – деді ол.

Жаза кеткен жөн, Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде Бек Нұрмағанбет мексикалық Маркос Васкес Родригесті (21-4-1, 10 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

"Канело" Альварестің титулдық жекпе-жегі өткен кештің андеркардында жұдырықтасқан 28 жастағы қазақстандық қарсыласын оңай жеңді. Ол алғашқы үш минуттың соңғы секундтарында сол қолымен жойқын соққы жасаған, бұл арқылы Бек Нұрмағанбет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу