Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілмек

1739

Бұдан бөлек жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығы аймақтардың өзіне беріледі.  

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығы берілмек

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жоладуында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет. Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек", - деді ол.

Мемлекет басшысы ұсынылып отырған бастаманың өте маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді.

"Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу