Әуежайда бейтаныс адамның сәлемдемесін алмаңыз — полиция ескерту жасады

129

Полиция қызметкерлері әуежайда бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін алып жүруге келісудің арты ауыр салдарға әкелуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайда бейтаныс адамның сәлемдемесін алмаңыз — полиция ескерту жасады Фото: businessmir.kz

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сәлемдеменің ішінде есірткі, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, қылмыстық жолмен алынған ақша немесе басқа да тыйым салынған заттар болуы ықтимал.

Мұндай жағдайда "тек жеткізіп бердім" деген уәж қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. 

– "Тек 5 минут ұстай тұрсаңыз", "вокзалға немесе әуежайға дейін алып жүрсеңіз", "ақысын төлеймін", "сұрақ қойма" деген сияқты өтініштер — қатерлі белгі. Сондықтан бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін қабылдамаңыз, тасымалдамаңыз. Егер сізге ақша ұсынылса онда бірден бас тартып, мүмкін болса деректерін, атап айтқанда көлік нөмірін, сыртқы бейнесін есте сақтаңыз. Өзіңізге қысым көрсетілсе немесе қандай да күмән туындаса дереу 102 нөміріне хабарласыңыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу