Аукционға қойылған мұнай кеніштері бір сағаттың ішінде сатылып кетті

10572

Сарайшықтың бағасы бір тәулікте 43 млн теңгеден 1,3 млрд теңгеге шарықтады. 

Аукционға қойылған мұнай кеніштері бір сағаттың ішінде сатылып кетті

Энергетика министрлігінің виртуалды алаңында мұнай-газ кеніштерін барлау және игеру құқығын беретін аукцион өткен болатын. Саудаға қойылған жеті нысанның үшеуі алғашқы сағатта-ақ иесін тапты. Алғашқы сағатта-ақ иесін тапқан нысандар – Атырау облысындағы Сағыз, Балқұдық және Қошалақ атты шағын телімдер. Соның ішінде Сағыз кенішіне әуел баста 60 млн теңге ұсынылған болатын. Аукцион барысында бұл сома 87 млн теңге жақындап барып тоқтады. 

Ал Балқұдық телімі бәссаудаға 32 млн теңгемен шығарылып, 50,5 млн теңгеге сатылды. Қошалақ телімінің бағасы 34 млн теңгеден 42,3 млн теңге дейін көтерілді.

Ал әлі сатылып үлгермеген 4 нысанның ішінде Сарайшық пен Забурунье кеніштерінің бағасы аспандап тұр. Сарайшық о баста 38 млн теңгеге қойылған болатын. Оған қызығушылардың көп болғаны сонша бір тәуліктің ішінде  бағасы 1,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Алғашында 43 млн теңге деп бағаланған Забурулье кенішінің де бәссауда құны қазір бір миллиард доллардан асып кетті. 

Еске салсақ, онлайн-аукцион сервисі елімізде 1 қыркүйекте іске қосылған болатын.

Осылайша Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушы инвесторларға бірдей мүмкіндік ұсынуды көздейді. Сервистің интерактивті картасында 82 нысан туралы мәлімет бар. Инвесторлар сол нысандардың бірін аукцион арқылы алғысы келсе, онлайн режимде өтінім беруі керек. Осыдан кейін нысан аукционға қойылып, барлау және игеру құқығы бәссаудаға қойылады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу