Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға шықты

368

Аустралия біріншілігінде жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик жарыс жолын жалғастырып жатыр. 

Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға шықты Фото: ҰОК

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Елена Приданкина – америкалық Куинн Глисонмен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде ресейлік-америкалық дуэт есе қайырды – 6:4.

Үшінші сетте Данилина – Крунич бет қаратпады – 6:0.

Екі сағат 21 минутқа созылған тартысты бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін мүлтіксіз пайдаланды. Приданкина – Глисон 11 брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Анна Данилина – Александра Крунич үшінші айналымға шығу үшін аустралиялықтар Дарья Касаткина – Арина Родионовамен таласады.

Аустралия біріншілігінде жекелей сында Қазақстаннан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик жарыс жолын жалғастырып жатыр. А.Данилина америкалық Джеймс Трейсимен бірге миксте де сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу