Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда аустралиялықтар, бұрынғы ресейліктер Дарья Касаткина – Арина Родионованың мысын басты.
Қазақстандық-сербиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Касаткина – Родионова 1 эйс, 3 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.
Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.